Орынбор газ өңдеу зауыты Қазақстаннан жеткізілетін шикі газды қабылдауды қайта бастады. Осыған байланысты Қарашығанақ кен орнындағы өндіріс көлемі біртіндеп қалпына келтіріліп жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz Энергетика министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап.
Министрліктің дерегінше, бұған дейін Орынбор зауытына дрон шабуылы жасалып, зауыт уақытша жұмысын тоқтатты. Соның салдарынан Қарашығанақтан экспортталатын газ көлемі қысқарып, өндіріс төмендетілген еді. Қазір жөндеу жұмыстары аяқталып, технологиялық процестер қалыпқа келтірілді.
Энергетика министрлігі Қазақстанның ішкі нарығына газ жеткізу шектелмегенін атап өтті. Барлық ішкі сұраныс толық қамтамасыз етіліп отыр. Ведомство екі ел арасындағы газ тасымалы мен өңдеу жүйесі тұрақты жұмыс режиміне көшкенін хабарлады.