homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қазақстанда өз банк картасын басқаға бергендерге 7 жылға дейін жаза тағайындалды

22.10.2025, 11:04

Енді өз банк картасын немесе шотын сыйақы үшін басқа адамға берген азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қылмыстық кодекстің жаңа 232-1-бабы 16 қыркүйектен бастап күшіне енді. Енгізілген норма алаяқтыққа жол ашатын «дропперлік» схемаларды тоқтатуға бағытталған. Қазірдің өзінде 7 қылмыстық іс қозғалып, олардың бірі — Астанадағы 17 жастағы жасөспірімге қатысты. Ол өз банк деректерін алаяқтарға беріп, сол арқылы заңсыз әрекетке жол ашты.

Заң шетел азаматтарына да қолданылады. Егер олар Қазақстан аумағында көлеңкелі ақша аудару немесе қолма-қол айналым схемаларына қатысса, дәл осындай жазаға тартылады. Мамандардың айтуынша, жаңа бап қаржы алаяқтығының негізгі арналарын жабуға және азаматтардың жеке деректерін қорғауға негізделеді.