homepage
Louvre Museum

Луврдағы ұрлықтың залалы 88 млн еуроға жетті

22.10.2025, 09:00

Париж прокуроры Лор Бекконың мәліметінше, Лувр мұражайынан ұрланған зергерлік бұйымдардың жалпы құны 88 млн еуроға бағаланған. Прокурор күдіктілер әшекейлерді бөлшектеп немесе балқытып жібермей, оларды бүтін күйінде қайтарып беруге мүмкіндік бар екенін айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жексенбі таңында бірнеше адам Луврдағы Франция тәжінің асыл тастары сақталған галереяға кіріп, сегіз бағалы бұйымды ұрлап кетті. Француз басылымдарының дерегінше, ұрылар терезені бұзып кіріп, витриналарды сындырған соң ғана дабыл жүйесі іске қосылды.

Ұрланған заттардың қатарында Франция монархтарына тиесілі бағалы зергерлік бұйымдар бар:

  • I Наполеонның жұбайы Мария-Луизаға тиесілі алқа мен сырға;
  • I Луи-Филипп корольдің әйелі Мария Амалия мен III Наполеонның анасы Гортензия Богарнеге тиесілі алқа, сырға және диадема;
  •  ханшайым Евгенияға тиесілі екі брошь пен диадема.

Полиция шабуылшылардың кім екенін анықтап жатыр. Ал мұражай басшылығы оқиғаға байланысты қауіпсіздік жүйесін толық қайта қарауды қолға алды.
 

Теги: