homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қазақстанда әлеуметтік желідегі репост үшін айыппұл салынуы мүмкін

21.10.2025, 17:07

Қазақстанда әлеуметтік желілерде заңға қайшы мазмұнды қайта жариялағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Мәжіліс «Қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Құжатта онлайн-платформалар мен онлайн-жарнама туралы заңға түзетулер қарастырылды. Онда мемлекеттік тұтастыққа нұқсан келтіретін, зорлық-зомбылық пен экстремизмді насихаттайтын немесе сепаратизмге шақыратын мазмұнды жариялаған немесе таратқан тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны көрсетілген.

Депутат Мағеррам Мағеррамовтың айтуынша, бұдан былай мұндай жазбаны репост жасаған адам да жауапқа тартылуы мүмкін. Айыппұл мөлшері мен нақты шаралар заңның келесі нұсқасында нақтыланбақ. Заң жобасы қабылданса, бұл цифрлық кеңістіктегі жауапкершілікті күшейтіп, әлеуметтік желілердегі контентке бақылауды арттырады.