«Астана Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорны 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап су беру және кәріз қызметтерінің тарифін қайта қарауды ұсынды. Жаңа есеп бойынша, астаналықтар үшін су бағасы едәуір өсуі мүмкін деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ұсынылған тарифтерге сәйкес, ауыз судың бір текше метрі 158,93 теңгеден 226,78 теңгеге дейін өседі (43 пайызға), кәріз суын бұру және тазалау құны 174,29 теңгеден 250,99 теңгеге дейін (44 пайызға), ал техникалық судың тарифі 53,43 теңгеден 59,90 теңгеге дейін (12 пайызға) көтеріледі.
Кәсіпорын өкілдері бағаның өсуін инженерлік желілерді жаңарту шығындарының артуымен және қызметкерлердің еңбекақысын көтеру қажеттілігімен түсіндірді. Тарифтерге қатысты түпкілікті шешімді Табиғи монополияларды реттеу комитеті бекітеді.