homepage
Фото: gov.kz

«Бағанашыл» дауы: қызметінен кеткен шенеунік қайтадан әкімдікке оралды

21.10.2025, 15:34

Алматы облысында «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін көшіру кезінде шыққан жанжалдан кейін қызметінен босатылған облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Салтанат Беспаева қайтадан әкімдік жүйесіне жұмысқа орналасты деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Еске салайық, 2025 жылғы 21 шілдеде Алматыдағы «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Қонаев қаласына көшіру әрекеті кезінде бірнеше бала есінен танып, оқиға орнына полиция мен дәрігерлер келген болатын. Бұл жағдай қоғамда үлкен наразылық туғызды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен тексеріс жүргізіліп, Алматы облысы әкімдігінің үш лауазымды тұлғасы, соның ішінде Салтанат Беспаева да, қызметінен босатылған еді.

Алайда Tengrinews.kz мәліметінше, бірнеше ай өткен соң Беспаева қайтадан облыс әкімдігі жүйесіне жұмысқа алынды