homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Келер жылы ұялы байланыс қызметі 20 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін

21.10.2025, 15:00

Қазақстанда ұялы байланыс операторлары 2026 жылы тарифтерді 15–20 пайызға дейін көтеруді жоспарлап отыр деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Компаниялар мұны инфляция, импорттық жабдықтың қымбаттауы және желілерді жаңартуға қажетті инвестициялармен түсіндіріп отыр.

Сала өкілдерінің айтуынша, қосылған құн салығының (ҚҚС) өсуі мен электр энергиясына жұмсалатын шығындардың артуы да бағаның көтерілуіне әсер етпек. Операторлар инфрақұрылымды жаңарту үшін жыл сайын ондаған миллиард теңге жұмсайтынын айтып, тарифті қайта қарау экономикалық тұрғыдан қажетті қадам екенін жеткізді.

Сонымен бірге әлеуметтік топтарға арналған жеңілдетілген байланыс жоспарлары 2027 жылға дейін өзгеріссіз қалады. Сарапшылардың пікірінше, жалпы нарықтағы бағаның өсуі халықтың шығынын арттырғанымен, ұзақ мерзімде байланыс сапасын жақсартуға ықпал етуі мүмкін.