Жапония парламенті бүгін Санаэ Такаитиді ел тарихындағы алғашқы әйел премьер-министр етіп сайлады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Дауыс беру барысында Такаити 465 орындық төменгі палатада басым дауыс жинап, бұрынғы премьер-министр Сигэру Исибаның орнын басты. Ол билеуші Либерал-демократиялық партия мен «Жапония инновациялар партиясы» арасындағы коалициялық келісім нәтижесінде қолдау тапты.
Жаңа үкімет басшысы өз сөзінде экономиканы жандандыруды, ұлттық қауіпсіздікті күшейтуді және елдің халықаралық беделін арттыруды басты мақсат ретінде атады. Сарапшылардың пікірінше, Такаитидің сайлануы Жапония саясатындағы тарихи бетбұрыс болмақ.