homepage
Фото: ЖИ арқылы жасалды

Цифрлы шекара кеңейеді: 2027 жылға дейін Қазақстан интернетке толық қосылады

21.10.2025, 10:35

2027 жылға қарай Қазақстан халқы түгел интернетке қосылады деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында вице-премьер әрі цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, жобаға 323 миллиард теңге инвестиция қарастырылды. Нәтижесінде интернет жылдамдығы 100 Мбит/с-тан асып, оптикалық байланыс желілері ауылдық елді мекендердің 90 пайызына дейін тартылады.

Сонымен қатар мобильді желілердің сапасы едәуір артады. 4G желісі елді мекендердің 92 пайызын қамтиды, ал 5G технологиясы республикалық және облыстық маңызы бар 20 қалада енгізіліп, олардың 60–75 пайыз аумағында қолжетімді болады. 2027 жылдың соңына дейін 40 мың шақырым автожол бойы 4G интернетімен қамтамасыз етіледі.