homepage
Фото: ЖИ арқылы жасалды

Жасанды интеллект енді көшені де “көзден таса” қалдырмайды

21.10.2025, 10:00

Қазақстанда жасанды интеллект негізіндегі ұлттық бейнебақылау жүйесі іске қосылады деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл туралы сенат отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев мәлімдеді.

Жүйе қоғамдық орындарда тәулік бойы жұмыс істейді. Ол адамдардың жүзін және көлік нөмірлерін автоматты түрде тануға, сондай-ақ төбелес, адамдардың көп жиналуы немесе қалдырылған заттар сияқты күмәнді жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді.

Министрдің айтуынша, бұл жүйе құқық қорғау органдарының жедел әрекет ету қабілетін арттырып, елдегі қауіпсіздік деңгейін едәуір жақсартуға бағытталған.