Еуропалық Одақ кеңесі 2028 жылға дейін Ресей газы импортынан біртіндеп бас тарту туралы жоспарды ресми түрде мақұлдады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Келесі жылдан бастап көгілдір отын тек осы жылдың маусымына дейін қабылданған қысқа мерзімді келісімдер арқылы ғана жеткізіледі. Ал ұзақ мерзімді келісімдердің мерзімі үш жылдан кейін аяқталып, содан соң Ресейден газ тасымалы мүлде тоқтатылады.
Дегенмен теңізге шығатын жолы жоқ елдерге уақытша жеңілдік қарастырылуы мүмкін. Қазір Еуропаға импортталатын газдың 13 пайызы Ресейге тиесілі, бұл үшін жыл сайын шамамен 15 миллиард еуро төленеді. Соғысқа дейін бұл үлес 45 пайызды құрады.