Жапонияда премьер-министр Сигэру Исиба басқаратын министрлер кабинеті отставкаға кетті. Сейсенбі күні ел парламентінің кезектен тыс сессиясы ашылып, жаңа премьер-министрдің кандидатурасы бойынша дауыс беру өтеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұған дейін билеуші Либерал-демократиялық партия мен оппозицияда болған «Жапония инновациялар партиясы» ынтымақтастық туралы келісімге келген еді. Бұл келісім либералдар көшбасшысы Санаэ Такаитидің премьер-министр болып сайлану мүмкіндігін арттырды.
Егер Такаити жеңіске жетсе, ол Жапония тарихындағы алғашқы әйел үкімет басшысы болмақ.