Қазақстанда банктердің салық салу жүйесі өзгереді. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, жаңа талаптар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп жазады Juzmedia.kz.
Жаңа Салық кодексіне сәйкес, енді банктерге дифференциалды мөлшерлеме енгізіледі: бизнесті несиелеуден түсетін табысқа 25 пайыздық, ал өзге қызмет түрлерінен алынған табысқа 20 пайыздық салық салынады. Бұл тәсіл қаржы ұйымдарын нақты секторды қаржыландыруға ынталандыруды көздейді.
Сонымен қатар, банктер шығындарды есептеу мен бөлу әдісін өздері таңдай алады. Мемлекеттік кірістер комитеті түсіндіргендей, олар екі тәсілді қолдана алады — пропорционалды әдіс немесе шығындарды тікелей және жалпыға бөлу әдісі. Біріншісі табыс үлесіне қарай жалпы шығынды бөлуді қарастырса, екіншісі әр шығынды оның нақты бағытына байланысты есепке алуды көздейді.
Қаржы ұйымдары таңдаған есептеу тәсілін өздерінің салық есебі саясатына енгізіп, соған сәйкес жұмыс істеуі тиіс. Министрлік бұл өзгерістер банктердің салық салу тәртібін ашық әрі әділ етуге бағытталғанын атап өтті.