Қазақстанның 6 мыңнан астам елді мекенінің басым бөлігі интернетке қосылған. Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, бүгінде 2 182 ауыл 4G желісін, 2 724 ауыл 3G желісін пайдаланып отыр. Ал 2 654 ауылда талшықты-оптикалық байланыс орнатылған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
2027 жылға дейін тағы 3 мың ауылға жоғары жылдамдықтағы интернет жеткізу көзделіп отыр. Оның ішінде 504 шалғай елді мекен спутниктік байланыс технологиясы арқылы қосылады. Бұл бастама ауыл тұрғындарына онлайн білім, медицина және мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік береді.
Сарапшылардың айтуынша, ауылдарға интернет тарту – цифрлық теңсіздікті азайтып, ел экономикасының аймақтық даму әлеуетін арттыратын маңызды қадам.