Бүгіннен бастап қазақстандық жеке тұлғалар шетелден жүк көліктері мен автобустарды әкеле алмайды. Бұл шектеу Еуразиялық экономикалық комиссияның техникалық регламентіне енгізілген түзетулерге сәйкес күшіне енді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жаңа ережеге сай мұндай көліктерді енді тек заңды тұлғалар – компаниялар ғана әкеле алады. Ал жеке азаматтарға жеңіл көлік, мотоцикл және шағын техниканы тіркеуге рұқсат сақталады.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, бұл талап көлік қауіпсіздігін күшейтіп, ел ішіндегі нарықты реттеу мақсатында қабылданған.