homepage
Фото: gov.kz

Қазақстан Нью-Йорк қор биржасында мемлекеттік бағалы қағаздарын шығаруды қарастырып жатыр

20.10.2025, 12:02

Қазақстан Үкіметі АҚШ-тағы Нью-Йорк қор биржасында (NYSE) мемлекеттік облигациялар мен ұлттық компаниялардың акцияларын орналастыру мүмкіндігін зерттеп жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғараев бастаған қазақстандық делегация Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк сессиялары аясында Нью-Йорк қор биржасының қызметімен танысты. Кездесу барысында тараптар биржаның құрылымы мен бағалы қағаздарды листингке енгізу тетіктерін талқылады.

Үкіметті ең алдымен мемлекеттік бағалы қағаздарды және мемлекеттің қатысуы бар ірі компаниялардың акцияларын халықаралық нарықта орналастыру мәселесі қызықтырып отыр. Сарапшылардың пікірінше, бұл қадам Қазақстанға шетелдік инвесторларды тартуға, капитал нарығын кеңейтуге және экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік береді.

NYSE — әлемдегі ең ірі және беделді биржалардың бірі. Онда акциялар мен облигациялар айналымға түседі. Қазақстан үшін мұндай нарыққа шығу — елдің қаржы секторының ашықтығын арттырып, корпоративтік басқару мәдениетін жаңа деңгейге көтеруі ықтимал.