homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Гонконгте жүк ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, теңізге құлады

20.10.2025, 10:10

Гонконг халықаралық әуежайында жүк тасымалдайтын Boeing 747 ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, теңізге құлады. Полицияның мәліметінше, әуе кемесі уақытында тоқтай алмай, қызмет көрсету көлігіне соқтығысқан, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оқиға салдарынан көлікте болған екі адам қаза тапты. Ал ұшақтағы төрт экипаж мүшесі зардап шекпеген. Қазір апаттың себебі анықталып жатыр, оқиға орнында құтқару және тергеу жұмыстары жүргізілуде.