homepage
Фото: видеодан алынған кадр

АҚШ-та шеруге шыққан адам саны 7 млн-ға жеткен

19.10.2025, 14:10

АҚШ-та үкіметтің жұмысын тоқтауы мен жаңа көші-қон саясатына қарсы ел тарихындағы ең ауқымды наразылық шеруі өтті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Шамамен 7 миллион адам «Патшаларға жол жоқ» деген ұранмен көшеге шығып, Дональд Трамптың саясатын сынға алды. Ақ үй басшысы үкімет жұмысының тоқтауына демократиялық партияны кінәлап отыр. The Independent басылымының хабарлауынша, бұл – ел тарихындағы ең ауқымды шерулердің бірі.

Ахуалға байланысты ұлттық гвардия жоғары дайындық тәртібіне көшті. Кейбір ірі қалаларда қоғамдық көліктің қозғалысы шектеліп, қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлайды.