homepage
Фото: gov.kz

Астанада республикалық ақындар айтысының жүлдегерлері марапатталды

19.10.2025, 12:02

Астанада Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік филармонияда «Адамзаттың бәрін сүй!» атты республикалық ақындар айтысы өтті деп хабарлайды Juzmedia.kz.

17–18 қазан күндері өткен жылдың қорытынды айтысында елдің әр өңірінен келген суырылып шыққан ақындар сөз сайысына түсті. Екі күнге созылған додада бас жүлде мен «Алтын домбыра» иегері атағын Айбек Қалиев жеңіп алып, Астана қаласы атынан сыйға пәтер берілді.

Бірінші орын Бексұлтан Орынбасарға бұйырды. Екінші орынды Нұрбол Жауынбаев пен Серік Қуанған иеленсе, үшінші орынды Мейірбек Сұлтанхан мен Дидар Қами бөлісті. Финалда ерекше тапқырлық пен сөз шеберлігін көрсеткен бірнеше ақынға арнайы жүлделер табысталды.