homepage
Фото: ашық дереккөзден

«Қазақстан Барысы – 2025» турнирінің жеңімпазы атанды

19.10.2025, 11:16

Астанада өткен қазақ күресінің басты бәсекесі – XIV республикалық «Qazaqstan Barysy – 2025» турнирі өз мәресіне жетіп, жеңімпаз анықталды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Биылғы жарысқа 17 облыс пен үш мегаполистен 43 балуан қатысып, боз кілемде мықтылар бақ сынады. Ақтық белдесуде «Найман» лақап атымен танылған «Әскер барысы» Марат Байкамуров қарсыластарынан басым түсіп, алтын белбеу мен 15 миллион теңге жүлдені иеленді. Сондай-ақ ол дәстүрлі «Тайтұяқ» сыйлығын алды.

Жеңімпазды марапаттау рәсімінде ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қатысып, алтын белбеуді табыс етті. Байкамуров жеңістен кейін көзіне жас алып, бұл жеңісті әкесіне арнағанын айтты.

Күміс белбеу былтырғы чемпион, 151 келі салмақтағы Ерасыл Қажыбаевқа бұйырды. Ал қола белбеу мен 1,08 миллион теңгені Маңғыстау облысының балуаны Нұрдәулет Жарылғапов («Қара бура») жеңіп алды. Биылғы турнир Республика күні қарсаңында өтіп, ел рухын көтерген айтулы спорт мерекесіне айналды. Сайысты мыңдаған көрермен залдан, ал миллиондаған жанкүйер теледидар және онлайн трансляция арқылы тамашалады.