Астанада Алаш қозғалысы қайраткерлері дәріс оқыған тарихи ғимарат қайта жаңғыртылып, өнер мұражайы ретінде ашылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бір ғасырдан астам тарихы бар бұл нысан бастапқыда мұсылмандар медресесі ретінде салынған. Кейін Алаш зиялылары осы ғимаратта сабақ беріп, ұлттық білім мен мәдениеттің негізін қалады. Енді бұл орын заманауи өнер мұражайына айналып, көпшілікке есігін қайта ашты.
Қалпына келтіру кезінде ғимараттың тарихи келбеті сақталып, ішкі кеңістігі көрме форматында жаңартылды. Мұражайда ұлттық музыкалық аспаптардың 1600-ден астам түрі қойылды. Жоба авторларының айтуынша, жаңа мәдени орталық тарих пен өнерді сабақтастырып, елдің рухани мұрасын дәріптеуге бағытталды.