homepage
Фото: gov.kz

Қостанай облысында жол құрылысына 100 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді

18.10.2025, 14:01

Қостанай облысында автожолдарды жаңғыртуға биыл 103 миллиард теңге бағытталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға артық, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, бөлінген қаражаттың 47 миллиарды республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге жұмсалады. Жөндеу жұмыстары Ұзынкөл – Троебратное, Қостанай – Ресей шекарасы (Челябинск бағыты), Бестөбе – Ақтөбе облысы шекарасы, Денисовка – Тавриченко және Севастопольское – Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы бағыттарында жүріп жатыр. Сондай-ақ Қостанай – Ақылекөл, Арқалық – Ұлытау облысы шекарасы, Жітіқара – Милютинка және Қостанай – Рудный жолдары да қамтылмақ.

Жоба аясында «Орталық – Батыс» көлік дәлізі де қарастырылған. Бұл бағыт Астана – Егіндіколь – Арқалық – Торғай – Ырғыз трассасы арқылы өтеді. Құрылыс толық көлемде 2026 жылы басталады. Жолдардың жаңаруы өңірдің транзиттік әлеуетін арттырып, аймақтар арасындағы қатынасты нығайтады және жол қауіпсіздігін жақсартады.