homepage
Фото: Rafalia Henitosoa

Мадагаскарда уақытша президент тағайындалды

18.10.2025, 10:03

Мадагаскарда саяси дағдарыс кезінде билік уақытша басшыға өтті. Конституциялық сот ел президентінің міндетін полковник Михаэль Рандрианиринаға жүктеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Елдегі билік ауысымын «тарихи бетбұрыс» деп атады және  әлеуметтік және экономикалық қиындықтарға тап болған жастардың талаптарын орындауға уәде берді.

Салтанатты рәсімге жоғары шенді әскерилер, саясаткерлер, жастар ұйымдарының өкілдері және Германия, Франция, АҚШ, Қытай мен Ресейдің дипломаттары қатысты. Бұрынғы президент Андри Радзуэлина елдегі наразылықтардан кейін биліктен шеттетіліп, қазір Дубайда жүргені айтылады. Оның жақтастары Радзуэлина өзін әлі де заңды мемлекет басшысы деп санайтынын мәлімдеді.

Мадагаскар халқының шамамен 80 пайызы кедейшілік шегінде өмір сүреді. Африканың оңтүстік-шығысындағы бұл арал мемлекет аумағы жағынан Италиядан екі есе үлкен, халқы 30 миллионға жуық. Ел әлем бойынша ваниль экспорттаудан бірінші орында.

Қыркүйектен бері мыңдаған жас президенттің отставкасын талап етіп, көшеге шыққан. Электр мен ауызсудың тапшылығы, білім беру дағдарысы және жұмыссыздық бұл толқуларға түрткі болды. Кей жерлерде наразылық зорлық-зомбылыққа ұласты.