homepage
Көрнекі фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Жаркенттегі әскери бөлімде офицер қаза тапты

14.11.2024, 15:46

Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде офицер қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz ҚР Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«14 қарашада диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақтар өткізу барысында қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері алған жарақатынан қайтыс болды», - делінген ведомство хабарламасында.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

«Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі", - деп мәлімдеді ведомство.