Қазақстандағы 2 миллионға жуық жеке кәсіпкердің 70 пайызы салық жүктемесін азайтатын арнайы салық режиміне кіреді деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл тетік шағын және орта бизнес үшін есеп жүргізуді оңайлатып, салық төлеу тәртібін жеңілдетуге бағытталды.
Экономика және қаржы министрлігінің дерегінше, елде 1111 қызмет көрсету түрі бар. Олардың көбі дәл осы жеңілдетілген тәртіппен жұмыс істейді. Ал ірі, күрделі немесе жоғары табысты салалардағы кәсіп иелері жалпыға бірдей салық төлеу тәртібіне жатады.
Министрлік мамандары бизнес өкілдерімен кездесіп, салық кодексіне енгізілген жаңа өзгерістердің мазмұнын түсіндірді.