homepage
Фото: ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қандас мәртебесін алу ережесі қайта өзгерді

17.10.2025, 16:39

26 қазаннан бастап Қазақстанда кандас мәртебесін алу тәртібіне жаңа өзгерістер енгізіледі деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Енді өтініш беру процесі Migration.enbek.kz порталы арқылы жүргізіледі. Бұрын қолданылып келген Kutty Meken қосымшасы енді жойылады. Егер құжатта кемшілік анықталса, өтініш берушіге себебі SMS немесе қосымша арқылы хабарланады. Хабарламада шағым беру тәртібі де көрсетіледі.

Биылғы сегіз айда елге 9,5 мыңнан астам этникалық қазақ оралған. Жаңа ереже кандас мәртебесін алу рәсімін жеңілдетуді көздейді.