homepage
Фото: tengrinews.kz

«Threads» желісінде алауыздық тудырды деп айыпталған қызға 4,5 жыл түрме жазасы ұсынылды

17.10.2025, 16:14

Қарағандыда әлеуметтік, этникалық және діни алауыздық тудырды деп айыпталған 22 жастағы Алика Мухамадиеваның ісі бойынша прокурор 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыруды сұрады деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Іс Қазыбек би аудандық сотында қаралып жатыр. Айып ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы, 1-бөлігі бойынша тағылған. Прокурор жазаны орындау мерзімін оның баласы 14 жасқа толғанға дейін кейінге қалдыруды да ұсынған.

Қорғаушы тарап Мухамадиеваның кінәсін мойындағанын, өкінетінін және бұрын қылмыс жасамағанын айтып, жазаны жеңілдетуді сұрады. Қазір ол тергеу изоляторында қамауда отыр. Іс қысқартылған тәртіппен қаралуда.