homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қазақстандық карталармен шетелде жасалған төлемдер 66 пайызға өсті

17.10.2025, 15:38

2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында қазақстандық төлем карталары арқылы шетелде жасалған операциялардың көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 66 пайызға артқан деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Finprom.kz дерегінше, шетелде жасалған операциялардың жалпы сомасы 3,6 триллион теңгеден асты. Оның 90 пайызы – қолма-қол емес төлемдер. Онлайн және мобильді төлемдердің үлесі 1,6 триллион теңгеге жетіп, бір жылда 37,9 пайызға көбейді. Ал POS-терминалдар арқылы төлемдер 1,2 триллион теңгеге дейін өсті.

Банкоматтан ақша алу көлемі 276,8 миллиард теңгеге жетіп, бір жылда 3,1 пайызға артты. Бір операция бойынша орташа төлем сомасы 17 мың теңгеге, ал қолма-қол алу көлемі 82,9 мың теңгеге дейін ұлғайды. Сарапшылардың айтуынша, бұл – қазақстандықтардың шетелде картаны белсендірек пайдаланып, қолма-қол ақшадан алыстап келе жатқанын көрсетеді.