Румыния астанасы Бухаресттегі тұрғын үй кешенінде болған жарылыс екі адамның өмірін қиды, тағы 12 адам жарақат алған деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жарылыс сегіз қабатты тұрғын үйдің төменгі бөлігінде болды. Соққы толқыны нәтижесінде ғимараттың екі қабаты қирап, айналадағы бірнеше пәтер мен көліктер бүлінді. Жақын маңдағы мектептің терезелері сынған.
Құтқару қызметтері оқиға орнында іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Билік жарылыстың себебін анықтау үшін тергеу басталды. Алдын ала болжам бойынша, газдың шығуы апатқа себеп болуы мүмкін.