homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қазақстандағы ломбардтардың несие көлемі бір жылда 40 пайызға артты

17.10.2025, 14:32

Қазақстанда ломбардтар беретін несиелердің жалпы көлемі 2025 жылдың маусымында 321,5 млрд теңгеге жетті. Бұл былтырғы көрсеткіштен 40,2 пайызға көп, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Мұндай өсім қысқа мерзімді несиелерге сұраныстың артуымен және кепілге қойылған мүлікті жылдам өткізу мүмкіндігімен түсіндіріледі. Ломбардтардың табысы негізінен пайыздық мөлшерлемелер, комиссиялар және өтелмеген кепіл мүлкін сатудан қалыптасады.

Саладағы тәуекел деңгейі салыстырмалы түрде төмен. Елдегі ломбардтарда 90 күннен астам мерзімге кешіктірілген несиелердің үлесі небәрі 2,3 пайыз, ал микрокредиттік ұйымдарда бұл көрсеткіш 6,8 пайызға жетеді. Сарапшылар мұны ломбард жүйесінің қысқа мерзімді және кепілді бизнес-моделімен байланыстырады.