АҚШ қарулы күштері Венесуэла жағалауына жақын Кариб теңізінде есірткі тасымалдады деген күдікке ілінген кемеге әуе соққысын жасады. Шабуыл салдарынан кемеде кемінде 27 адам қаза тапқаны хабарланды, деп жазады Juzmedia.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, кемеде тірі қалғандар бар, бірақ олардың саны мен жағдайы нақты көрсетілмеген. АҚШ өкілі бұл кеме есірткі трафигіне қатысы бар деген күдікпен нысанаға алынғанын айтты.
Бұл оқиға халықаралық құқық тұрғысынан дау тудырды. Бірқатар құқық қорғаушылар мен саясаткерлер АҚШ-тың бұл әрекетінің заңдылығына күмән келтіріп, оның аймақтық шиеленісті күшейтуі мүмкін екенін ескертті.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай әскери қимылдар Венесуэла мен АҚШ арасындағы онсыз да күрделі қатынастарды одан әрі ушықтыруы ықтимал.