Украина президенті Владимир Зеленский Вашингтонға барып, алдағы сағаттарда АҚШ-тың ірі қорғаныс корпорацияларының басшыларымен кездесетінін мәлімдеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Кездесудің басты тақырыбы – әуе қорғаныс жүйелері мен әскери техника жеткізілімін кеңейту.
Зеленскийдің айтуынша, бұл сапар Украина қорғаныс әлеуетін күшейтуге бағытталған. Мемлекет басшысы сондай-ақ америкалық энергетика компанияларының өкілдерімен де келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр.
Ақ үйдің ресми кестесіне сәйкес, Владимир Зеленский Вашингтон уақытымен сағат 13:00-де (Астана уақытымен 22:00-де) Ақ үйге келеді. Кездесу түскі ас форматында, жабық есік жағдайында өтеді. Келіссөздерден кейін Дональд Трамп Флоридаға ұшпақ.