homepage
Фото: ҚФФ

19 жастағы футболшы Диас Төлеу ойын кезінде көз жұмды

17.10.2025, 09:01

Қазақстан футбол федерациясы «Хан тәңірі» клубының шабуылшысы Диас Төлеудің матч кезінде қайтыс болғанын хабарлады. Ұйым өкілдері жас спортшының өліміне байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

«Қазақстан футбол федерациясы «Хан тәңірі» клубының шабуылшысы Диас Төлеудің мезгілсіз дүниеден өткенін қайғырып қабыл алды. Жастығына қарамастан, футболға деген ынтасы мен таланты арқылы көзге түскен Диастың өмірден ерте кетуі – орны толмас қаза. Бұл ауыр сәтте оның отбасының, жақындарының және командасының қайғысына ортақтасамыз. ҚФФ Диастың ата-анасына, туыстарына және барша жақындарына шын жүректен қайғырып көңіл айтады», – деп жазылған ұйым хабарламасында.