homepage
Фото: ЖИ арқылы жасалды

Ғалымдар Қазақстандағы ең көне адамдардың ДНҚ-сын анықтады

16.10.2025, 17:13

Ғалымдар Абай облысындағы ежелгі адамдардың сүйегінен алынған ДНҚ-ны зерттеп, олардың 7,5 мың жыл бұрын өмір сүргенін анықтады. Бұл зерттеу Қазақстандағы адам популяциясының ежелгі тарихын жаңаша түсіндіруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Зерттеу нәтижелері Science Advances журналында жарияланды. Ғалымдар 21 адамның сүйек қалдығын талдаған: олардың 19-ы қола дәуіріне (шамамен 3400–3800 жыл бұрынғы кезеңге), ал екеуі неолит дәуіріне (шамамен 7500 жыл бұрынғы кезеңге) жатады. Бұл екеуі Қазақстан аумағынан табылған ең көне адамдар болып саналады.

Бір қызығы, бастапқыда екі сүйек бір адамға тиесілі деп есептелген. Алайда ДНҚ сараптамасы олардың екі бөлек адам екенін көрсетті. Бірінің генетикалық сызығы ежелгі солтүстік еуразиялықтарға, ал екіншісі палеосибириялық топқа жататыны анықталды. Бұл ежелгі Қазақстан аумағында әртүрлі этникалық топтардың қатар өмір сүргенін дәлелдейді.

Зерттеу Ақбас (Көкен) аймағында жүргізілді. Ғалымдардың айтуынша, бұл жаңалық қазіргі қазақ халқының генетикалық тарихында жергілікті автохтон тұрғындардың үлесі айтарлықтай екенін көрсетеді.
 

Теги: