homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Доллардың бағамы төмендеді

16.10.2025, 16:27

Қазақстан қор биржасындағы бүгінгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 537,84 теңге болды деп хабарлайды Juzmedia.kz..

Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 1,6 теңгеге төмен. Ұлттық банк 16 қазанға арналған ресми курсты 539,56 теңге деңгейінде бекітті.

Сауда көлемі бұрынғы деңгейде сақталды, ал нарық қатысушылары теңгенің нығаюы ішкі валюта ұсынысының артуымен байланысты екенін айтады. Сарапшылардың пікірінше, бұл үрдіс қысқа мерзімді сипатта болуы мүмкін.