homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушы босанды

16.10.2025, 16:04

Ақтөбе облысында 14 жастағы мектеп оқушысы сабақ кезінде босанып қалды. Қыз бала қазір дәрігерлердің бақылауында, ал оның өгей атасы күдікті ретінде ұсталды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оқиға облыс орталығындағы мектептердің бірінде болды. Сабақ үстінде оқушы қыздың жағдайы күрт нашарлап, мұғалімдер жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер оны алдымен аудандық ауруханаға, кейін санавиация арқылы облыстық перинаталдық орталыққа жеткізді. Дәрігерлердің айтуынша, нәресте толық мерзімде туылған, салмағы 2770 грамм. Ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық.

Полиция мәліметінше, қыздың 64 жастағы өгей атасы күдікті ретінде ұсталды. Оған Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі бойынша айып тағылды. Бұл бап бойынша өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылды. Тергеу амалдары басталды.

Білім басқармасы қыздың биыл үш рет медициналық тексеруден өткенімен, жүктілік белгілері анықталмағанын мәлімдеді. Қыз толық емес отбасында өсіп, үш баланың үлкені екені белгілі. Қазір психологтар оған және оның анасына көмек көрсетіп жатыр деп хабарланды.