homepage
Фото: Reuters.com

Пәкістан мен Ауғанстан шекарасындағы қақтығыстарда 18 адам қаза тапты

16.10.2025, 15:44

Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында болған қарулы қақтығыстар салдарынан кемі 18 адам қаза тауып, 360-тан астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Juzmedia.kz. Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше, шайқастар соңғы аптада шекараның екі жағында да күшейді. Құрбандардың арасында әйелдер мен балалар бар. БҰҰ қақтығыс аймағындағы гуманитарлық жағдайдың күрт нашарлағанын атап өтті.

Пәкістан тарапы қақтығысты Ауғанстаннан жасалған атыс деп сипаттаса, Кабул билігі Пәкістан армиясын бірінші болып соққы жасады деп айыптады. БҰҰ өкілдері екі елге де жағдайды дереу тұрақтандыру және бейбіт келіссөздерге қайта оралу жөнінде үндеу жасады.

Қазіргі уақытта шекара маңындағы бірнеше ауыл босап, жергілікті халық қауіпсіз аймақтарға эвакуациялануда.