homepage
Фото: Instagram

Жанабыловтарға 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу қаупі төніп тұр

16.10.2025, 14:28

Блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегеноваға қатысты тіркелмеген кәсіпкерлік қызмет бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, оларға 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалуы мүмкін.

Бастапқыда материалдар әкімшілік іс ретінде қаралған, бірақ блогерлердің әрекеттері қылмыстық сипатта деп танылды. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабының 1-бөлігі бойынша қозғалды — тіркелмеген кәсіпкерлік қызмет жүргізу. Бұл бапқа сәйкес, кінәлілерге айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыру жазасы көзделді.

9 қазанда апелляциялық сот блогерлердің шағымын қанағаттандырмай, істі қылмыстық санатқа жатқызды. ҚМА мәліметінше, Жанабыловтар әкімшілік жауапкершілікпен шектелуге мүмкіндік алғанымен, заң бұзушылық жалғасқаннан кейін іс қылмыстық деңгейге өтті. Ерболат Жанабыловтың Instagram парақшасында 8,4 млн, ал Эльмира Толегенованың парақшасында 7,1 млн жазылушы бар.