homepage
Фото: Reuters.com

Мексикада тасқыннан кейін 70-тен аса адам әлі табылған жоқ

16.10.2025, 10:16

Мексиканың орталық және шығыс аймақтарында болған жойқын тасқыннан кейін ондаған адам әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ресми мәлімет бойынша, тасқын мен көшкін салдарынан кемінде 66 адам қаза тауып, 75 адам хабар-ошарсыз. Мыңдаған үй мен жол су астында қалды. Табиғи апатқа бірнеше күн тоқтаусыз жауған нөсер себеп болды.

Азаматтық қорғаныс қызметі мен құтқарушылар апат аймақтарында іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ал Мексика президенті Клаудия Шейнбаум табиғи апат салдарын жою үшін төтенше қордан қаржы бөлуді тапсырғанымен, ел ішінде алдын алу шараларының әлсіздігіне қатысты сын күшейіп отыр.