14 қараша - Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні БҰҰ-ның халықаралық күнтізбесінде ресми түрде бекітілген және инсулинді ашқан ғалым Фредерик Бантингтің құрметіне құрылған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, биыл бұл күн “Кедергілерді жеңу, олқылықтарды жою” тақырыбында атап өтіледі, бұл қант диабетімен ауыратын адамдарды емдеуге және қолдауға тең қол жеткізу қажеттілігін көрсетеді.
ҚАЗАҚСТАНДА ҚАНША АДАМ ҚАНТ ДИАБЕТІМЕН АУЫРАДЫ
Халықаралық диабет федерациясының (IDF) деректері бойынша әлемде қант диабетімен ауыратын 500 миллионнан астам адам бар.
“Қазақстанда ағымдағы жылдың 1 қазанына қант диабеті диагнозы қойылған 516 564-тен астам тұрғын тіркелген, оның 92,4%-ы немесе 486 853-і 2 типті ҚД-ның үлесіне тиесілі, 1-типті қант диабеті диагнозы 29 711 қазақстандықтан анықталды”, – делінген ДСМ хабарламасында.
ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ ҚАУПІ
Диабет - бұл жай ғана ауру емес, мүгедектікке және тіпті өлімге әкелуі мүмкін денсаулыққа елеулі қауіп, соқырлық, бүйрек жеткіліксіздігі, жүрек-қан тамырлары аурулары, аяқтың ампутациясы сияқты бірқатар ауыр асқынуларды тудыруы мүмкін.
Бұрын бұл ауру ересектерге тән, болатын, қазір өмір салты факторларына байланысты балалар мен жасөспірімдердің арасында жиі кездеседі.
ҚАНТ ДИАБЕТІМЕН АУЫРАТЫН ПАЦИЕНТТЕР ҚАНДАЙ ЕМ АЛАДЫ?
Ұлттық скринингтік бағдарламаның шеңберінде Қазақстанда жыл сайын шамамен 1,6 млн адам қант диабетін ерте анықтауға тексеруден өтеді, бұл ретте 10%-да гипергликемия белгілері анықталады.
Қазақстанда қант диабеті диагнозы қойылған барлық пациенттер:
Олар сондай-ақ 46 атаудан тұратын дәрілік препараттардың кең спектрімен толық көлемде қамтамасыз етілген, оның ішінде бұл инсулиннің 20 атауы және медициналық бұйымдардың 14 түрі.
Көрсетілімдер болған жағдайда пациенттер қажетті стационарлық көмек алады, онда өткен жылы қант диабетімен ауыратын 56933 пациент емделді.
ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ АЛДЫН АЛУ ТӘСІЛДЕРІ
Профилактика - қант диабетінің ауыр зардаптарын болдырмаудың ең жақсы жолы.
2-типті қант диабеті мен оның асқынуларының алдын алу үшін:
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.