Алматы облысының Жамбыл ауданында 7-сынып оқушысына жасалған зорлық ісі бойынша жеті жасөспірімнің аты анықталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Оқиға 21 қыркүйекте мектептен тыс жерде болған. Тергеу мәліметінше, зардап шеккен қыз — жетім бала. Мектеп әкімшілігі бұл туралы тек 13 қазанда ғана хабарланды. Қазір іс ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 1-бөлігі бойынша («16 жасқа толмаған адамға қарсы зорлық сипатындағы әрекеттер») тергеліп жатыр.
Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Динара Закиева оқиға орнына психологтар жіберілгенін және қызға көмек көрсетіліп жатқанын айтты. Тергеу жалғасуда, істің барысы ерекше бақылауға алынды.