homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қазақстанда балаға берілетін жәрдемақы 600 млрд теңгеден асты

16.10.2025, 09:01

Жыл басынан бері ел тұрғындарына әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларға 631,2 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, деп жазады Juzmedia.kz.

Министрліктің мәліметінше, биыл 257,5 мың адам бала туу және жүктілік бойынша біржолғы төлем алды.

Бұл мақсатқа 46,5 млрд теңге бағытталған. Сондай-ақ 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне арналған жәрдемақыны орта есеппен 124,4 мың адам алып отыр, жалпы төлем көлемі 32,7 млрд теңгеге жетті.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен 161,4 мың адамға 227,9 млрд теңге төленді Ал биылғы индексацияланған мөлшерге сай, бірінші-үшінші бала үшін төлем 149 416 теңге, төртінші және одан көп бала үшін 247 716 теңге болып бекітілді. Бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы 22 648-ден 34 995 теңгеге дейінгі аралықта төленіп келеді.