Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қосылған құн салығын (ҚҚС) қайтару тым баяу жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Оның сөзінше, салық органдары өтініштерді айлап, тіпті жылдап қарамай, бизнеске кедергі келтіруде. Соның салдарынан кәсіпкерлердің айналымдағы қаржысы қатып қалып жатыр. Былтыр қайтарылмаған ҚҚС көлемі 592 миллиард теңгеге жетті.
Депутат бұл мәселені шешу үшін Мемлекеттік кірістер комитеті жанынан арнайы жұмыс тобын құруды және өтініштерді 30 күн ішінде қарауды ұсынды. “Кәсіпкерлер өз міндетін орындап отыр, енді мемлекет те өзінікін орындауы керек”, – деді Тұрғанов.