Ауғанстан билігі Пәкістан әскерінің ел аумағына жасаған әуе және артиллериялық шабуылдары салдарынан 12-ден астам бейбіт тұрғын қаза тауып, жүзге жуық адам жараланғанды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ауғанстанның Талибан үкіметі шабуыл Пәкістанмен шекаралас аймақтарда болғанын айтты. Мәліметке қарағанда, Пәкістан тарабы ауыр қару қолданған. Кабул бұл әрекетті елдің егемендігіне қол сұғу деп бағалап, халықаралық қауымдастықты жағдайға назар аударуға шақырды.
Пәкістан билігі болса, атысты бірінші болып Ауғанстан тарапынан ашылғанын айтып, өз әскерінің әрекетін қорғаныс шарасы деп түсіндірді. Қақтығыстан кейін шекара өткелдері жабылып, ондаған отбасы қауіпсіз аймақтарға көшірілді.