Қазақстан экономикасына 2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін 47,6 трлн теңге көлемінде несие берілген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 3,7 пайызға артық, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Несие көлемінің 46,3 пайызы немесе 22,1 трлн теңгесі кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға берілді. Қалған 53,7 пайызы — халыққа тиесілі тұтынушылық несиелер. Барлық қарыздың 89,5 пайызы теңгемен рәсімделген. Шетел валютасындағы несие үлесі 10,5 пайызды құрады.
Ұлттық банктің дерегінше, несиелердің 85,8 пайызы екінші деңгейлі банктер арқылы берілді. Ал мерзімі 90 күннен асқан төлемі кешіктірілген қарыз көлемі 1,4 трлн теңгеге жеткен.