homepage
Фото: gov.kz

Қазақстан паспортының беделі түсіп кетті ме: әлемдік рейтингте 67-орынға тұрақтады

15.10.2025, 15:56

Henley & Partners компаниясы жариялаған әлемдік паспорт индексінде Қазақстан алты сатыға төмендеп, 61-орыннан 67-орынға түсті деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Зерттеу қорытындысы бойынша қазақстандықтар визасыз бара алатын елдер саны 79-дан 77-ге қысқарған. Соған қарамастан, Қазақстан көрші мемлекеттерден жоғары көрсеткіште қалып отыр: Қырғызстан — 81-орында, Өзбекстан — 82-орында.

Рейтингте Сингапур бірінші орында тұр — бұл елдің азаматтары 193 мемлекетке визасыз бара алады. Ал Қазақстанда 2025 жылдан бастап жаңа үлгідегі биометриялық паспорттар енгізіледі, олар қауіпсіздік деңгейі жоғары қорғаныс элементтерімен жабдықталады.