homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қазақстанда жұмыссыздарға 95 млрд теңге төленді

15.10.2025, 15:21

Биыл 240,5 мың қазақстандық жұмыссыз қалуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алды. Жалпы аударылған сома 95 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қор дерегінше, мұндай төлем алушылардың жалпы саны 285,2 мың адамға жуық. Жұмысынан айырылған азаматтарға төлем 1 айдан 6 айға дейін тағайындалады және ол жоғалған табыстың 45 пайызына дейінгі мөлшерде есептеледі.

Жәрдемақы алу үшін eGov.kz порталында «Еңбек және жұмыспен қамту» бөліміндегі «Жұмыс іздеуші тұлғаларды тіркеу» қызметін таңдап, өтінімді онлайн толтырып, ЭЦҚ арқылы қол қою қажет. Төлем жұмыстан шығу себебіне қарамастан жүзеге асырылады және адамның жаңа жұмыс іздеу кезеңінде әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған.