Каирде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тамаша нәтижелер көрсетіп жатыр. Үш спортшы ел қоржынына екі алтын және бір күміс медаль салды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Давид Дегтярев үшінші рет қатарынан әлем чемпионы атанды. Ол 54 келіге дейінгі салмақта 191 келіні көтеріп, жалпы 567 келі нәтижемен жеңіске жетті және жаңа Азия рекордын орнатты.
Фариза Толжан да әлем чемпионы атанды. Ол 50 келіге дейінгі салмақта 298 келі жалпы нәтижемен бірінші орын иеленді.
Ал Рахметжан Хамаев 88 келіге дейінгі салмақта 592 келі нәтижемен күміс медальға ие болды.