homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Газаны қалпына келтіруге 70 млрд доллар қажет

15.10.2025, 09:39

Газа секторын қалпына келтіру үшін шамамен 70 млрд АҚШ доллары керек, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы хабарлады. Ұйым өкілдерінің айтуынша, ең ауыр жағдай Газа қаласында тіркелген. Мұнда ғимараттардың 92 пайызы қираған немесе бүлінген.

Қалпына келтіру жұмыстары ұзаққа созылуы мүмкін, себебі мұндай көлемдегі қаражатты қысқа мерзімде жинау қиын. Соған қарамастан, бұған дейін АҚШ, Еуропа және араб елдері қалпына келтіру ісіне қаржылай көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеген.