Семейде еліміздегі алғашқы тікелей әкім сайлауының нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл жолғы сайлау ерекшелігі — алғаш рет облыс орталығының әкімі тікелей дауыс беру арқылы таңдалды. Бұған дейін қала әкімдерін облыс әкімі тағайындайтын.
Абай облыстық сайлау комиссиясының дерегінше, өзін-өзі ұсынған үміткер Әділет Қожанбаев 89 441 дауыс жинап, басымдықпен жеңіске жетті. Қалған екі кандидат — А.К. Бекжасаров пен К.М. Төлеуов тиісінше 9 763 және 12 557 дауыс алған.
1980 жылы туған Әділет Қожанбаев сайлауға дейін Абай облысына қарасты Көкпекті ауданының әкімі қызметін атқарған.